Басшылық

«Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры Хайрушев Дархан Манарбекұылы.

1976 жылы 25 сәуірде Атырау обылысы Теңіз ауданы Балқұдық ауылында дүниеге келген .

1993-2000 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған.

2000-2001 жылдары Орал қаласының «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК-да дәрігер терапевт мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

Еңбек жолын 2001 жылдың тамыз айынан «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК-ң емдеу бөлімінің қабылдау бөлімінде дәрігер терапевт, сол жылы қыркүйек айынан бастап осы мекеменің эндокринология бөлімінде дәрігер эндокринолог болып жұмыс атқарды.

2003-2004 жылдар ЖСШ «Медициналық орталығы емханасында» және 2006-2008 жылдары «Облыстық кардиология орталығы» ММ-де дәрігер эндокринолог дәрігер қызметін қоса атқарған.

2010 жылдың 11 мамыр айынан Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында медициналық қызметті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады.

2010 жылдың тамыз айынан бастап «Ақжайық аудандық орталық ауруханасының» МКҚК-ның директоры лауазымына тағайындалды.

2002 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Жедел эндокринология», 2008 жылы Литваның Каунас қаласында ұйымдастырылған «Эндокринология және диабетологияның таңдаулы сұрақтары», 2010 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы мемлекеттік медициналық университетінде «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», 2011 жылы Алматы қаласындағы Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанында «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындары тиімді басқару» және сол жылы орал қаласында ұйымдастырылған «Денсаулық сақтау басқармасының заманауи мәселелері» тақырыбында көшпелі циклге қатысқан. 2012жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Клиникалық диабетология және семіру» тақырыбында білімін жетілдірген. 2012 жылдан «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша сертификатка ие.

Жоғарғы санатты дәрігер эндокринолог.

2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің экономика факультетіне түсіп, 2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» бойынша бітірген.

2008 жылдан бастап «НұрОтан» Халықтық Демократиялық партияның мүшесі.

 

«Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының әдістемелік ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Карабалина Галина Геннадевна

19.04.1959 жылы Ресейдің Челябинск қаласында дүниеге келген.

Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, акушер-гинеколог мамандығы бойынша  жоғары білім алған.

Медицина институтынан кейін Бөкейорда ауданының Сайхын аудандық ауруханасына жолдама арқылы жолданып 01.08.1991ж – 27.10.2006 жылдар аралығында акушер-гинеколог қызметін атқарған.

Галина Геннадевна 07.11.2006 жылдан бастап «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының әдістемелік ұйымдастыру жөніндегі орынбасары міндетіне қосымша акушер-гинеколог қызметін атқарып келеді.

2006 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ «Акушерия және гинекологияның өзекті сұрақтары» , 2009 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ «Денсаулық сақтауды басқарудың қазіргі мәселелері» жылжымалы цикл, 2009 жылы «Тиімді перинаталды технологиялар. Акушериядағы қарқынды жағдайлар» , 2012 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ «Акушерия және гинекологияның таңдамалы сұрақтары» бойынша біліктілігін арттырған.

Всего комментариев: 0