Блог директора
Добро пожаловать на мой личный блог!
Өмірбаян
Джүнісбеков Алмас Тогайбайұлы, 1984 жылы 11 ақпанда Жамбыл облысы, Жанатас қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Тараз қаласының №37 орта мектебін бітірген.
2002-2009 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Медициналық Университетін үздік аяқтап, дәрігер хирург мамандығын алып шықты.
2009 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылындағы Казталов аудандық ауруханасына дәрігер-хирург болып жұмысқа орналасты.
2012-2020 жылдары ШЖҚ «Казталов ауданының 2-ауруханасы» МКК директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың қазан айынан бастап : БҚО денсаулық сақтау басқармасының 2020 ж 27 қазандағы №696-к бұйрығымен «Ақжайық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның директоры болып тағайындалды.
Отбасылы, үш қызы бар. «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Бас дәрігердің пациенттерге арналған үндеуі
Құрметті біздің емханаға бекітілген аудан тұрғындары мен стационар пациенттері!
Мемлекеттің басты байлығы – халықтың денсаулығы. Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасы жолдауында ерекше атап көрсетілетін бағыттардың бірі. Стратегиялық мақсат – үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Біз сізбен бірге аурудың алдын алуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүдделіміз.
Ендігі кезекте отандық медицина асқынған науқас түрлерін емдеп, көп қаражат жұмсағанша, аурулардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқармақшымыз. Бұл орайда әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланатын боламыз. Жастардың денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылады. Осы сынды онкологиялық дертпен күресті үдете түсу міндеттеледі. Цифрлық жүйеге көшу арқылы, «қағаз қолданбайтын ауруханаға», яғни медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін арттыру.
Медициналық көмектің көрсетілуін ұйымдастыру, тұрғындардың хабардарлығын арттыру, түсіндіру бағытында Мен Сіздердің әрқайсыңызбен ынтымақтастықты қолдаймын. Сіздің ой-пікіріңіз біз үшін маңызды!
Медициналық қызмет көрсету кезінде шағымдар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіздің мәселеңіз менің орынбасарыммен, емхана, аурухана бөлімдер меңгерушісімен шешілмеген жағдайда, сізден тәуліктің кез келген уақытында жеке өзіме хабарласуыңызды сұраймын.
ШЖҚ МКК «Ақжайық аудандық аурухана» директоры Джунисбеков Алмас Тогайбаевич
Байланыс мәліметтері
Директор Джунисбеков Алмас Тогайбаевич
Жұмыс телефоны: 8711(36) 91532, 8711(36) 91825
Ұялы телефон: 8 701 153 95 12
Электрондық пошта: akj_medorg@mail.ru
Веб-сайт адресі: www.akzhaikcrb.kz
Сенім телефоны: 871136 91377
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Манасова Шара Аманкуловна
Жұмыс телефоны: 8711(36) 91408
Сұрақ қою