Хабарландыру

Алғыс айту күні

2016 жылы  14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің  негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Мерекелеу мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту.

Осыған байланысты Ақжайық аудандық орталық ауруханасы «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 24-25 ақпан  күндері     «Ақ халатты абзал жандар» атты ашық есік күнін жариялайды. Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігін, мұқтаж жандар мен табысы төмен азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен медициналық ардагерлеріді, көп балалы және толық емес отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық көмек ұйымдастырылады.
Перзентханаларда «Сүйінші» акциясын жүзеге асыру мақсатында 1 наурыз күні дүниеге келген сәбилерге құттықтау лебіздері қағаздары мен сыйлықтар табысталады.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 24 жыл толып отыр. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Тұмауға қарсы екпе.

Біздің емханада қазан айы бойы   тұмау вирусына қарсы екпе  жасалуда. Жоспар бойынша 6 айдан – 1 жасқа дейінгі балаларға – 397, 14 жасқа дейінгі диспансерлік есепте тұрған балаларға – 750, жүкті әйелдерге – 177, диспансерлік есепте тұрған ересектерге – 700, медицина қызметкерлеріне – 100 тегін тұмауға қарсы епке жасалу көзделіп отыр. Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Тұмау ауруын алдын алу үшін тұмауға қарсы екпе алуға шақырамыз.

Дендеріңіз сау болсын!

15.09. – 15.11.2015 жыл аралығында «Бекітілген халық тіркелімі» порталы «Кампания тіркелімі» болып жаңартылды.

Әкімшілік.

«ПАЦИЕНТ ДАУЫСЫ» жобасы

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Пациент Дауысы» жобасын бастайды.

2015 жылдың 1-15 маусымы аралығында облысымыздың әр тұрғыны өзі үздік деп таныған дәрігері үшін дауыс бере алады.

Ол үшін мына нөмірлерге 87058727764 немесе 87023715586  «Рахмет» сөзі мен дәрігердің Т.А.Ә, медициналық ұйым атауы мен аймақтың атауын жолдау қажет (мысалы: Рахмет, Т.А.Ә., «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы») немесе (Рахмет, Т.А.Ә., Ақжайық ауданы). СМС хабарлама құны операторлармен белгіленген тарифке сәйкес.

Жеңімпаздар жолданған смс хабарлама арқылы анықталады. Нәтижесі медицина қызметкерлері күнінде және БАҚ беттерінде жарияланады. Біз үздік қала және аудан дәрігерін анықтаймыз.

Ал Сіз кімді лайық деп есептейсіз? Мүмкін Сіздің дауысыңыз шешуші шығар. СМС хабарламаларыңызды күтеміз.

29 сәуір күні сағат 15.00 –де  Ақжайық аудандық орталық емхананың» мәжіліс залында екпеге қарсы ата-аналармен «Бала денсаулығы – сіздің қолыңызда» атты дөңгелек үстел өтеді.

«Ақжайық аудандық
орталық ауруханасы»  ШЖҚ МКК

Қазақстан Республикасының қаулысына сай  2015 жылдың мамыр айының 01,02,03,07,09,10,11 жұлдыздары демалыс күні.

Согласно постановлению правительства Республики Казахстан считать:01,02,03,07,09,10,11 мая 2015 года – днями отдыха.

Әкімшілік

Всего комментариев: 0