Емделушінің құқығы
Емделушінің құқы:
1.Диагностика,емдеу және күтім жасау кезінде лайықты қарым-қатынаста болу және өздерінің мәдениеттілігі мен жеке бастарының құндылықтарына құрметпен қарау.
2.Кез келген кемістушілік факторларының ықпалынсыз,тек қана медициналық критершілер негізінде айқындалатын тәртіппен медициналық комек алу.
3.Таңдау,дәрігер немесе медициналық ұйымды ауыстыру.
4.Отбасы мен туыстары және достары,сондай ақ діни ұйымдар мүшелерінің қолдауларына жүгінуге
5.Қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдана отырып,ауруын жеңілдетуге
6.Өздерінің денсаулық жағдайлары туралы пікір және кеңес алуға
Емделуші өзінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға,қызметтердің құны мен ұсыну тәртібін білуге құқылы.
Емделушінің міндеті:
Емделуші міндетті:
1.Өз денсаулықтарын сақтау және нығайтуға шаралар қолдануға.
2.Медицина қызметкерлерімен жақсы қарым қатынаста болуға
3.Емдеуші дәрігердің барлық талаптарын қатаң сақтауға,аурудың диагностикасы мен емдеу үшін барлық қажетті ақпаратты дәрігерге хабарлауға
4.Медициналық ұйымның ішкі тәртібін сақтауға және ұйым меншігіндегі заттарға ұқыпты қарауға,медициналық ем алғанда медицина қызметкерлерімен жақсы қарым қатыната болуға
5.Диагностикалау мен емделу кезінде өз денсаулығында өзгерістер бола қалған жағдайда медицина қызметкерлеріне өз уақытында, сонымен бірге қауіп төндіретін аурулардың жағдайын хабарлауға
6.Басқа емделушілердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға
7.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
Всего комментариев: 0