Басшылық
«Ақжайық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының уақытша міндетін атқарушы Ералиева Асел Гайнеденовна.
1984 жылы 24-ші қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданында дүниеге келген .
Орта мектеп бітіргеннен кейін 2000 жылы Батыс Қазақстан Медициналық колледжіне оқуға түсіп, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша үздік тәмәдаған.
2003 жылы қазіргі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетіне оқуға түсіп, оны 2009 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.
2009-2010 жылдар аралығында «Жалпы тәжірибе дәрігер» мамандығы бойынша интернатурада білім алған.
2010 жылы шілде айында – «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-на күндізгі емдеу бөлімінің дәрігері болып жұмысқа қабылданды.
2010 жылдық 2-ші тамызынан 24 желтоқсанға дейін М.Оспанов атындағы БҚММУ ФББФ жанында «Кардиология» циклы бойынша қайта даярлаудан өтіп, кардиолог мамандығын алды.
2011-2018 жылдары аралығында «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-да кардиолог дәрігер қызметін атқарды.
2019 жылы – Республикалық медицина академиясының БҚО филиалы ұйымдастыруы бойынша 108 сағаттық «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.
2018-2020 жылдары «Ақжайық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директордың медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2020 жылдың 17-ші наурызынан Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының номер 195 бұйрығына сәйкес Ақжайық аудандық аурухана директорының міндетін уақытша атқару жүктелді.
Асел Гайнеденовна екінші санатты дәрігер-кардиолог. Отбасы жағдайы: тұрмыста, үш баланың анасы. «НұрОтан» Халықтық Демократиялық партияның мүшесі.
Всего комментариев: 0