Пациенттерге қолдау көрсету қызметі

«Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес біздің медициналық ұйымда пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылған (Ішкі бақылау/аудит қызметі).

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін   айқындау жатады.

Осыған байланысты, егер Сіз: 

– медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
– медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
– сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРГЕ 
ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз.

Cіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп біздің аурухананың қабылдау бөлімдерінде,клиникалық бөлімшелерде орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады. Сондай-ақ Сізге біздің сайтымызға  www.akzhaikcrb.kz «Бас дәрігердің блогы» айдарына жазуыңызға болады.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің шағымыңызды  қарап, оның  нәтижесі бойынша Сізге ақпаратты ұсынады.
Сіз мына телефон бойынша  8(71136)51-8-10  ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ хабарласа аласыз.

Всего комментариев: 0