Құрылым
Емдеуге жатқызу бюросының Порталы деген не?
Емдеуге жатқызу бюросының порталы – бұл Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін қолжетімді Ғаламтордағы веб-сайт, ол жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі барысында, пациентті амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарға емдеуге жатқызу.
Шұғыл емдеуге жатқызу – бұл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін стационарға шұғыл түрде емдеуге жатқызу. Шұғыл емдеуге жатқызу жазатайым оқиғалар, апаттар және тұрмыстық жарақаттар кезінде, жіті инфекциялық аурулар кезінде, ауыр улану кезінде және пациенттің женсаулығына қауіп төнетін басқа кенет (жіті) жағдайларда жүргізіледі.
Емдеуге жатқызу бюросы қандай мақсатта құрылды?
Емдеуге жатқызу бюросы (бұдан әрі – ЕЖБ) пациенттерді стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызудың жеделдігіне қол жеткізу мақсатында құрылды және Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің екі аса маңызды қағидатын жүзеге асырады: пациенттің еркін таңдауы және көрсетілетін медициналық қызметтердің айқындылығы. ЕЖБ емхана және стационар арасында келістіруші болып табылады және атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде бізде стационарларға , емханарлар мен пациенттерге арналған өзара әрекеттесуінің нақты құрлымы бар.
Стационарда қалай емделуге болады?
Стационарда емделу туралы мәселені көрсетілімдер бар болған жағдайда Сіздің емделуші дәрігеріңіз шешеді, ол емдеуге жатқызу үшін қажетті зерттеулерді алдын – ала жүргізеді.
– Өткізілген зерттеуден кейін емдеуші дәрігер Емдеуге жатқызу бюросының Порталында ( бұдан әрі – Портал) өтінімді орналастырады.
– Сіздің қалауыңызды есепке ала отырып және тиісті бос төсектер болған жағдайда клиниканы емдеуші дәрігер таңдайды.
– Таңдалған стационарда орындық бос болса, емдеуші дәрігер Сізге баламалы клиниканы ұсынады.
– Клиника емдеуге жатқызудың алдын – ала күнін белгілегеннен кейін, дәрігер жолдаманы ресімдеп, Сізге береді.
– Жолдаманы жоспарлы емдеуге жатқызудың автоматты түрде жасақталған коды және емдеуге жатқызудың алдын – ала күні көрсетіледі.
– Пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде клиникаға емдеуге жатқызу шұғыл түрде жүзеге асырылады.
– Пациент клиникаға көрсетілген күні келуі тиіс.
– Пациент келмеген жағдайда өтімнің күші жойылады.
Астана қаласындағы Ұлттық-ғылими орталықтарына, «Ақжайық аудандық орталық аураханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша Портал арқылы 2013жылы жоспарлы емдеуге облыстық аураханалар мен аудандық орталық аураханасы стационарына және Жанғала сауықтыру орталықтарына жатқызуға жолдау арқылы – 1466 науқас жолданып отыр.
Астана қаласындағы Ұлттық-ғылими орталықтарына – 8науқас, облыстық ауруханалар мен емханаларға 571 науқас , аудандық орталық аураханасының стационарына 733 науқас, Жанғала сауықтыру орталығына 143 науқас жолданып, уақытында жатқызылып, емдерін қабылдап, сауықтырылып шықты.
2013ж І тоқсан қортындысыменен Портал арқылы жоспарлы емдеуге Ұлттық-ғылими орталықтарына, облыстық аураханалар мен аудандық орталық аураханасы стационарына және Жанғала сауықтыру орталықтарына жатқызуға жолдау арқылы –314 науқас жолданып отыр. Астанадағы Ұлттық-ғылими орталықтарына –3, облыстық ауруханалар мен емханаларға 100 науқас , аудандық орталық аураханасының стационарына 171 науқас, Жанғала сауықтыру орталығына 35 науқас жолданып, уақытында жатқызылып, емдерін қабылдап, сауықтырылып шықты.оғарыда аталған Портал бюросының қағидаларына науқастар мұқият ден қойып, көрсетілген күніне барып ауруханаға жатқызылуға, кешіккен жағдайда ауруханаға қабылданбайтығын ескеру қажеттілігін есте сақтау қажет.
«Ақжайық аудандық орталық аураханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша Портал арқылы 2014 жылы жоспарлы емдеуге облыстық аураханалар мен аудандық орталық аураханасы стационарына және Жанғала сауықтыру орталықтарына, Теректі медбикелік күтімге жатқызуға жолдау арқылы – 1431науқас жолданып отыр.
Республикалық Ұлттық-ғылими орталықтарына – 6 науқас, облыстық ауруханалар мен емханаларға 520 науқас , аудандық орталық аураханасының стационарына 775 науқас, Текректі аудандық медбикелік күтімге – 12 науқас, Жанғала сауықтыру орталығына 118 науқас жолданып, уақытында жатқызылып, емдерін қабылдап, сауықтырылып шықты.
«Ақжайық аудандық орталық аураханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша Портал арқылы 2015 жылдың ІІІ-квартлы бойынша жоспарлы емдеуге облыстық аураханалар мен аудандық орталық аураханасы стационарына және Жанғала сауықтыру орталықтарына, Теректі медбикелік күтімге жатқызуға жолдау арқылы – 1242 науқас жолданып отыр.
Республикалық Ұлттық-ғылими орталықтарына – 5 науқас, облыстық ауруханалар мен емханаларға 426 науқас , аудандық орталық аураханасының стационарына 725 науқас, Текректі аудандық медбикелік күтімге – 8 науқас, Жанғала сауықтыру орталығына 78 науқас жолданып, уақытында жатқызылып, емдерін қабылдап, сауықтырылып шықты.
Науқастардың жолданған ауруханаға уақытында бармау салдарынан, міндетті түрде емдеуші дәрігерлер түсініктеме жазады және науқасының кешіккені үшін ескертпе алады. Сондықтан әрдайымда дәрігерге көрініп, жолданған жағдайда қолдарыңызға берілген жолдама қағаздарыңыздың күніне мұқият қарап, ауруханаға уақытында баруларыңыз керек.
Всего комментариев: 0