Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Дата: 24.09.2018
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздер БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ « Ақжайық аудандық орталық аурухана» МКК-ның сайтына қош келдіңіздер!!!
Біздің сайт беттерінен түрлі аурулардың алдын алумен,сонымен қатар науқастың құқығын реттейтін ақпараттармен таныс бола аласыздар.
Аурухана өркендеуде, ұсынылатын медициналық қызметтің сапасы мен саласы кеңеюде, заманауи диагностикалық және емдік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар және сенімді болыңыздар!
Егер сіздерге жоғары мамандандырылған медициналық маманның көмегі қажет болса, біз әрқашан көмектесуге дайынбыз!
Аудандық аурухананың атқарып отырған қызметі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметінің тұрғындардың денсаулығын қорғау бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға және мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.
Аурухана директоры –Хайрушев Дархан Манарбекұлы
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары – Каркенова Гүнара Хайррулловна
Директордың әдістемелік-ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары – Карабалина Галина Геннадьевна
БҚО әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №86 «Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық ақтау басқармасының «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны оған Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ақжайық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын біріктіру жолымен қайта құрылып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып Хайрушев Дархан Манарбекович қайта тағайындалды.
Ақжайық аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мәртебесіне ие.
Қызмет көрсетілетін халық саны – 39992;
оның ішінде 0 – 14 жас аралығындағы балалар саны – 10117;
Біздің ауруханада 140 кереуеттік тәуліктік стационар, бір ауысымда 400 келушіге арналған емхана, 113 кереуеттік күндізгі стационар қызмет жасайды.
Ақжайық аудандық орталық ауруханасы жанында барлығы 1 ауылдық аурухана, 13 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, 33 МП бар:
Ақжол ДА
Алғабас ДА
Алмалы ДА
Бударин ДА
Базаршолан ДА
Базартөбе ДА
Есенсай ДА
Жаңабұлақ ДА
Қабыршақты ДА
Қарауылтөбе ДА
Құрайлысай ДА
Мерген ДА
Көнеккеткен ДА
Сонымен қатар Ақжайық АОА 59 дәрігер, 278 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Аудандық аурухана флюорография және рентген –аппарат сияқты диагностикалық құралмен жабдықталған, функционалдық диагностика кабинетінде ЭКГ аппараты, УДЗ аппараты, гастрофиброденоскоп (ФГДС) бар, сонымен қатар биохимиялық, бактериологиялық зертханалар жұмыс жасайды.
Ақжайық АОА емханасында 400 келушіге ауысымда учаскелік қызмет және төмендегі аталған мамандықтар бойынша кеңес беру-диагностикалық қызметі бар: балалар неврологиясы, психиатрия, офтолмология, отолорингология, дерматовенерология, кардиология, эндокринология, онкология, хирургия жарақат бөлімі мен жұқпалы аурулар бөлімі.
Кеңес беру-диагностикалық емханада дәрігерлік үйрету бригадасы жұмыс жасайды, олар тұрғындарға кеңестік көмек көрсетеді, тұрғындардың белгілі топтарын алдын ала тексеруден өткізуге қатысады.
Аудандық ауруханада М. Оспанов атындағы мемлекеттік медициналық Университеті, Батыс Қазақстан медициналық колледжі базаларында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің білімдерін жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады. Аудандық «Жайық таңы» газетіне әртүрлі ауруларды алдын алу бойынша мақалалар басылып тұрады.